{metadescription}
Батыс өңірде той істейтіндер тоқтамай тұр
Батыс өңірде той істейтіндер тоқтамай тұр

Батыс өңірде той істейтіндер тоқтамай тұр

Карантинге қарамастан тығылып той істейтіндер тоқтамай тұр. Еліміздің батыс өңірінде мейрамхана қожайындары есік-терезесін жауып, табыс табудың түрлі әрекетіне баратын болған.

Қазір тойлар бұрынғыдай кешке емес, күндіз өтеді. Ақтөбелік жас жұбайлар мейрамханадағы шараға ешкімнен сескенбестен еркін кіріп барады. Бұл жерде той өтіп жатқанын сол маңдағы тұрғындар байқап қалыпты. Ал Оралдағы «Інжу» деген мейрамханада үйлену тойы басталмай жатып аяқталды. Бұл жердің әкімшісі қонақтарды жасырын есіктен кіргізіп, көзге түспеудің бар қамын жасаған екен. Алпыс адамға жайылған дастарханнан меймандар дәм татпастан үйіне қайтты. Оларды тексеруге келгендер таратып жіберген. Ал ұлының тойын өткізбек болған ата-ананы мейрамхана иелері «рұқсатымыз бар» деп сендірген көрінеді. Енді олар карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде