{metadescription}
Челлендж: Абайдың өлеңін жатқа оқып, әнін орындағандар
Челлендж: Абайдың өлеңін жатқа оқып, әнін орындағандар

Челлендж: Абайдың өлеңін жатқа оқып, әнін орындағандар

Елімізде ұлы ақынның мерейтойы әрі Абай күні құрметіне салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Абайдың өлеңін жатқа оқып, әндерін орындаған челленджер де желіде кеңінен тарап жатыр. 

Ұлы ақынның әйгілі өлеңінің әр жолын дәрігер, жүргізуші, полицей, еріктілер және түрлі этно-орталық өкілдері қатысқан челленджді астана тұрғындары бастап жіберді. Оны эстрада жұлдыздары да іліп әкеткен. Бұл мерекеден Қарағанды жұрты да қалыс қалмады. Ұлы ақынның ескеркіші алдында салтанатты шара өтіп, шығармалары оқылды, гүл шоқтары қойылды. Нұр-Сұлтанда да аталмыш шаралар қолға алынған. Жиналғандардың пікірінше, Абай Құнанбайұлы өз заманының ғана емес, өткені мен болашақтың жүгін арқалаған. Сондықтан Ұлы тұлғаның елдікке, ілім-ғылымға шақырған терең ой толғаныстары өсемін деген ұрпаққа азық болады. Сол себепті де Абай күнің даңғаза тойға емес, ойға айналдыру керек дейді зиялы қауым өкілдері. 

Ғарифолла Есім академик, қоғам қайраткері:

- Мәселе Абайды тойлауда емес, Абай туралы ойлану керек. Абай неге керек? Абай 19-шы ғасырда өмір сүрді, қазір 21 ғасыр, 21 ғасырға қандай қажеттілігі  бар еді Абайдың? Абай таза ауа, таза су, былайша айтқанда. Таза ауа мен таза суға қажеттілік үнемі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде