Сенат сайлауы: Енді 46 үміткер 17 орынға таласады
Сенат сайлауына қатысатын үміткерлер саны 12 адамға қысқарды. Енді 46 үміткер 17 орынға таласады. Ал сайлау 12 тамызда өтеді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.08.2020
Бастапқыда Жоғары палата депутаттығына 94 үміткер ұсынылған. Одан кейін 58-і тіркелді. Ал бүгін 46 адам Сенат сайлауына қатысатындығын растаған. Бірден 12 адамға қысқарған бұл саяси додада енді Шығыс Қазақстан облысынан - 4 кандидат, ал 10 өңір: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары мен үш қаладан 3 үміткерден, қалған өңірлерден – екі кандидаттан бақ сынайды. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысынан, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қаласынан. Еске салайық, Сенат сайлауына ел қазынасынан 254 миллион теңгеден астам қаржы қаралған.
Берік Имашев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бүгін сағат 00:00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуі аяқталады. Ертең тыныштық күні. Осылайша күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беру күнін ұйымдастыруға және өткізуге барлық сайлау алдындағы іс-шаралар аяқталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!