Жаңаөзендік теріс діни ағымның өкілдері құрықталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті теріс діни ағымның өкілдерін құрықтады. Екеуі де Жаңаөзен қаласының тұрғындары.
Автор: Асқарбек Қазанғап
10.08.2020
Арнайы жасақ сау етіп келе қалғанда, сырасын сіміріп үлгермеген ақ көйлектегі жігіттің абдырағанын анық байқауға болады. Сыбайласының қолына да сол жерде кісен салынды. Оларға қару жарақты заңсыз сатты деген айып тағылған. Жат ағымның жетегінде жүрген жігіттердің өздері де мұздай қаруланған екен. Тінту барысында екі автомат, үш тапанша, жарылғыш заттар мен бірнеше қорап оқ-дәрі тәркіленді.
Аркен Абдуғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
- Дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып алынды. 9-тамызда сот күдікті адамдарды қамауға санкция берді. Тергеу фигуранттарының эксремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тесеріп, істің өзге де мән-жайын анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!