{metadescription}
Covid жұқтырған үш балада «Кавасаки синдромы» анықталды  
Covid жұқтырған үш балада «Кавасаки синдромы» анықталды  

Covid жұқтырған үш балада «Кавасаки синдромы» анықталды  

Covid жұқтырған үш балада «Кавасаки синдромы» анықталған. Бұл дерт коронавирусқа шалдыққан балаларда асқынады. Қазан мен наурыз аралығында елімізде жыл сайын 1 миллионға жуық тұрғын тұмаумен ауырады екен. Биыл бұл миллионға КВИ-дің кезекті толқынында науқастанатындар қосылады.

Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі тас-түйін дайынбыз деп отыр. Бүгінде жалпы құны 8 миллиард 700 миллион теңгелік 91 түрлі дәрілік зат өңірлерге жөнелтіліпті. Бұл қор 40 мың науқасқа шақталған. Министрлік мұнымен шектелмей, тамыздың 15-нен 50 түрлі препараттың 200 мың науқасқа жететін 2 айлық қорын аймақтарға жібере бастайды.

Қазақстанда жылына 1 миллионға жуық тұрғын жедел респираторлық вирусқа шалдығады екен. Бұл вирус қазан мен наурыз аралығында белсенді. Биыл енді тұмаудың бұл көрсеткішіне covid-тің кезекті толқынының салдары қосылады. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қазірден барынша қамдануға кіріскен.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелтті. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15-тамыздан бастап тағы да екі айға жететін қор әзірленеді.

50 түрлі дәрілік зат 200 мың науқасқа шақталған. Бұған дейін айтылғандай, амбулаторлық ем кезінде тегін берілетін 5 препараттың өңірлердегі емханаларда 1 миллион науқасқа жететін қорын жасақтау шаруасы да межесіне жетіп қалған.  

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Мұндай шаралардың әр азаматқа қандай игілігі бар десеңіздер, сырқаттанып, вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз тіркелген емханаға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмеңіз. Барлық емханаларда дәрілік заттар бар және сіздерге ақысыз беріледі.

Бұған дейін Ақтөбе өңірінде covid жұқтырған балаларда «Кавасаки синдромы» анықталғаны айтылып еді. Бүгінде елімізде 114 бала коронавирусқа шалдықса, соның 3-де аталмыш синдром анықталған. Олар: Алматы, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Үшеуінің жағдайы әр түрлі, әрі бұл өте күрделі синдром болғандықтан, ерекше бақылауға алынған. Аурудың бұл түрі негізінен 5 жасқа дейінгі балаларда болады екен. Қан тамырлары қабынып, ерні құрғайды және денесі бөртеді.

Қоғам тарапынан сын қарша бораған министрлік абыройын қайта жиып алмаққа әрекеттеніп жатқаны байқалады. Енді вирус ахуалынан бөлек, жалпы денсаулық сақтау саласындағы ақпаратпен әр дүйсенбі сайын бөлісіп, тіпті еститін мемлекет тұжырымдамасының айықын үлгісін көрсетеміз деп уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде