{metadescription}
Сотталған әйелдің күйеуі Президенттен араша сұрайды
Сотталған әйелдің күйеуі Президенттен араша сұрайды

Сотталған әйелдің күйеуі Президенттен араша сұрайды

Президент пен Жоғарғы соттың төрағасынан араша сұрайды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 9 жылға сотталған семейлік Әсел Алдырбаеваның күйеуі әділдік іздеп елордада шырылдап жүр. Қасына шиеттей бала-шағасын ертіп алған. Оның сөзінше, әйелінің жазығы жоқ, тағылған айып та негізсіз. Әйелінің ақ екенін дәлелдеймін деп, қолына бір қорап құжат ұстаған. Ал апелляциялық шағымы қазір Шығыс Қазақстан облыстық сотында қаралып жатқанымен, отағасы оған сенбей отыр.

Қайырлы Алдырбаев елордаға сотталған әйелінің үкімін даулап келген. Ыстықта өзімен бірге сегіз айлық кенжесі мен қызын ертіп жүр. Айтуынша, балалардың анасы әлдебір ағайыны құрған қаржы пирамидасының кесірінен түрмеде отыр. Әйелін 9 жылға соттағандарға айтар уәжі бар.

Қайырлы Алдырбаев, Ә. Алдырбаеваның күйеуі:

- Бұл таза жала. Мен оны білемін. Талай прокурорға да, тергеуге де дәлелдерді әкелдік. Ешқандай қатынасы жоқ деген. Бірақ оның ешқайсысына қарамай, Жолдыбекова Айман өзі директор бола тұрып, құрылтайшы бола тұрып, 280 жәбірленуші арызды жаза тұрып, соны істен алып тастады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Әсел Алдырбаева Айман Жолдыбекованы қаржы пирамидасын құруға итермелеген және одан түскен ақшаны алып отырған. Бірақ Қайырлы оған сенбейді. Қолындағы бір қорап құжат мұның дәлелі дейді. Тіпті тінту кезінде Айман Жолдыбекованың үйінен бірнеше айғақ зат шыққан екен.

Қайырлы Алдырбаев, Ә. Алдырбаеваның күйеуі:

- Компанияның құжаттары, кассалық аппараты оның үйінен шығады. Соған көзін жұмып отыр, прокуратура да, тергеу де. Тірі адам тіршілігін жасайды, мен ер азаматпын, бала-шағамды асыраймын. Менің күйініп тұрғаным – әділетсіздік.

Айман Жолдыбекова да, Әсел Алдырбаева да қазір «алаяқтық» және «қаржы пирамидасын құру» баптарымен Өскемендегі 156/1 түзету мекемесінде жазасын өтеуде. Алайда сот үкімі әлі күшіне енбеген. Апелляциялық шағым қаралып жатыр.

Елдос Жұмақсанов, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы:

- Әрине, әр тараптың өз шындығы бар. Егер дәлелдері тергеу кезінде алынбады десе, оны апелляциялық орынға беруге сотталған тараптың толық құқы бар. Апелляция қайтадан тергеу үшін органдарға жібере алады. Бірақ бұл жерде бір нәрсені түсіну керек. Ақшасын беріп, қайтара алмаған жәбірленушілердің арызы бар.

Иә, бұл істе 300-ге жуық жәбірленуші бар. Бәрі қаржы пирамидасына ақша құйып қайтара алмаған. Жолдыбекованың адвокаты Жанна Қанғожина сұхбаттан бас тартты. Олар да шағымдарын апелляциялық сот қарайды деген сенімде. Ал шым-шытырық хикаяға әйелінің еш қатысы жоқ екеніне сенімді Қайырлы Алдырбаев шындыққа көз жеткізгенге дейін күреспекші. Іске Президент пен Жоғары сот төрағасының араласуын сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.