{metadescription}
Елімізде COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталды
Елімізде COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталды

Елімізде COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталды

COVAX-19 вакцинасы қауіпсіз! Коронавирусқа қарсы алғашқы екпені өзіне салдырған вирусолог Қайсар Табыновтың шетелдік препаратқа берген бағасы осындай.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры жұқпалы дертке қарсы екпені 12 күн бұрын салдырған. Сол уақыттан бері Қайсар Табыновтан қан алынып, оның иммунитетінде антиденелер түзеле бастапты. Екпені толыққанды талдау үшін препарат вирусологқа тағы бір рет салынуы тиіс. Кейін оның денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болады. Австралиялық вакцинаны зерттеп жатқан отандық мамандар сынақтың клиникалық кезеңі сәтті аяқталғанын жеткізді. Айта кетейік, бұл вакцина мақұлданса алдымен еріктілерге, кейін жаппай сынала бастайды. Қауіпті кеселге қарсы екпе 2 миллионнан астам отандасымызға тегін беріледі деп жоспарланған.

Қайсар Табынова, ҚазҰАУ Халықаралық вакцинология орталығының директоры:

Қан тапсырған соң биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштер жақсы екенін көрдім. Екпенің ешқандай кері әсерін байқаған жоқпын. Денсаулығым қазір жақсы. Тәуелсіз зертхананың мамандары екпені жан-жақты талдап, тексеріп жатыр. Ғалымдар осы препаратқа үлкен үміт артып отыр. Алдағы уақытта зерттеудің толық нәтижесі жарияланады. Бұл оңай шаруа емес. Сондықтан уақыт керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде