{metadescription}
Жетімдердің ақшасын ұрлаған балалар үйінің қызметкері ізделуде  
Жетімдердің ақшасын ұрлаған балалар үйінің қызметкері ізделуде  

Жетімдердің ақшасын ұрлаған балалар үйінің қызметкері ізделуде  

Алматы облыстық балалар үйінің қызметкеріне іздеу жарияланды. 30 жастағы әлеуметтік педагогқа жетімдердің ақшасын ұрлады деген айып тағылған. Күдікті аталмыш орталықта жеті жыл қызмет етіп келген.

Гүлмира Қондыбаева, Алматы облыстық №1 Балалар үйінің директоры:

- Жұма күні таңертең естіп, осындай жағдайға душар болдық. Содан кейін бүкіл балалардың шотына детализацияға банкке барып арыз жазылды. Одан кейін оны іздеуге бердік. Прокуратураға хат жаздық. Қамқоршылық бөлімге айтылды.

Директордың айтуынша, әлеуметтік педагогқа өзінің атынан сенімхат берілген. Тәрбиеші сол арқылы балаларға есепшот, карточка ашуға, оны тексеруге мүмкіндік алған. «Бірақ педагогтың ақшаны шешіп алуға заңды құқығы жоқ», - дейді Балалар үйінің жетекшісі. Ал қаржының қолды болғанын мобильді қосымшаны тексерген тәрбиеленушінің бірі байқап дабыл қаққан. Бір қызығы, күдіктінің қаражатты қандай жолмен қалтасына басқаны әлі күнге дейін жұмбақ. Тіпті қанша баланың зардап шеккені және ұрланған ақшаның көлемі де белгісіз. Балалар үйінде 112 тәрбиеленуші бар екенін ескерсек, қаржысынан қағылғандардың саны көп болуы да мүмкін. Қазір күдіктіні тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Бостандық аудандық басқармасы тергеуді өз өндірісіне алды. Өндіріс аясында міндетті түрде сараптамалық зерттеулер тағайындалатын болады. Олардың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша нәтижелі процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде