Бейруттағы жарылыс: Жаралылардың арасында коронавирус тарап жатыр
Бейруттағы жойқын жарылыста қаза тапқандардың саны 171-ге жетті. Аса ауыр жарақатпен ауруханаға түскендердің кейбірі сол күйі есін жимастан көз жұмған.
Автор: Аруна Ортай
12.08.2020
Ауруханаларға әр түрлі дене жарақаттарымен 6 мыңнан аса тұрғын жеткізілген еді. Біразының беті әлі бері қарамаған. Жаралылардың арасында коронавирус тарап жатыр. Соңғы бір тәулікте ғана 300-ден аса науқастан індет белгілері анықталыпты. Оның жетеуі көз жұмды. Жарылыс салдарынан ауруханалардың іші жаралыға толып, аурумен күресті едәуір қиындатып жіберген. Ал порттағы жойқын жарылыс 300 мыңдай адамды баспанасыз қалдырды.
Бейрут портындағы қоймалардың бірінде алты жыл бойы жатқан 2750 тонна аммиак селитрасы жарылып, қаланың жартысы жермен-жексен болған еді. Апаттан соң халық жаппай көтеріліп, Ливан үкіметі отставкаға кетті. Биліктегі жылы орнын босатқан елдің премьер-министрі Хасан Диаб жойқын жарылысты шенеуніктердің арасында дендеген жемқорлықтың салдары деп атады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!