Пархачтағы қырылған балыққа қатысты тексеріс басталды
Алматылықтар Пархач көлінің күйіне алаңдаулы. Әлеуметтік желіде қоқыс толы жаға мен қайранға шығып қалған балықтардың видеосы қызу талқыға түсті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.08.2020
Көл Алматының Түрксіб ауданы аумағында. Бірақ жергілікті әкімдік тоғанның экологиялық жағдайына қатысты мардымды жауап бергісі келмейді. Бұл аумақ «Ақ отау груп» ЖШС-не қарасты дейді, жауапкершіліктен құтылғысы келетіндей. Ал Экология министрлігі Пархач көліндегі өлі балықтарға қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Арнайы құрылған комиссияның жұмысынан кейін ғана көлдің бұлайша күйі кетіп, қоқысқа бөгуіне кімнің кінәлі екені белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!