{metadescription}
Мәслихат депутаттары таңдаған сенаторлар кімдер?
Мәслихат депутаттары таңдаған сенаторлар кімдер?

Мәслихат депутаттары таңдаған сенаторлар кімдер?

Бүгін Сенаттың үштен бірі жаңарды. Жоғарғы палатадағы 17 орынға әр аймақтан бір депутат сайланды. Бұл жолғы дауыс беру де, сайлауалды компаниясы да қашанғыдай ың-шыңсыз өтті. Кандидаттардың сөзінше, бағдарламаларын жарнамалауға бөлінген қаржының аздығы кері әсерін тигізіп, тұрғындардың қамтылу жағы тым мардымыз болған.

Бүгін Сенат депутаттарының сайлауы аяқталып, орталық комиссия алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен Мәслихат депутаттары таңдаған сенаторлар кімдер?

Республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыс орталықтарында Сенат депутаттарын сайлау аяқталды. Ел астанасынан Жоғары палатадан орынға үміттілердің саны әуелде бесеу болған екен. Кейін екі азамат бас тартып, «Ауыл», «Нұр Отан» партияларынан қос үміткер және бір кандидат өз-өзін ұсынған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы таңдаушылар дауыс беруді тура сағат 11-де бастады. Сенат депутаттарын сайлау құқына тек мәслихат мүшелері ие. Дауыс беру шаруасына жарты сағаттай уақыт кетті. Нәтижесінде 20 таңдаушының 15-нің сеніміне ие болған Ақылбек Күрішбаев жеңіп шықты.

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаттығына үміткер:

- Мемлекеттік басқару жүйесін күшейту керекпіз. Егер парламентіміз мықты, ықпалды болса, үкімет те өзгереді. Соған жұмыс істеуіміз керек.

- Қазіргі мемлекеттік басқару жүйесіне көңіліңіз толмай ма?

- Толмайды.

Жоғары палатада қызмет істеуге қайтадан сайланған депутаттар да бар. Олар: Қарағанды облысынан Сергей Ершов, Солтүстік Қазақстан облысынан Ольга Перепечина, Түркістан облысынан Әли Бектаев және Шымкент қаласынан Айгүл Қапбарова. Айгүл Жарылқасынқызынан басқалары «Nur Otan» партиясының мүшелері екен.

Сайлау барысын 185 адам бақыласа, соның 180-і ұлттық деңгейде, ал 5-і халықаралық бақылушылар. Олардың саны шектеулі болғандықтан, республиканың барлық өңірлерін қамти алмаған.

Рашад Мамедов, «Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің» байқаушылар миссиясының жетекшісі:

- Біз қадағалаған жалғыз сайлау учаскесі Нұр-Сұлтан қаласында ғана. Сайлаудың демократия талаптарына сай өткенін, ашықтықтың қамтамасыз етілгенін, заң талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылғанын айтуға болады. Өз басым ешқандай заң бұзушылықты таппадым.

Әуелде Қазақстан бойынша 58 өтінім тіркелсе, соның 46-сы сайлауға түскен. 12 азамат әр түрлі себеппен сайлаудан бас тартыпты. Ал сенатор болуға лайықтымын деген 46 азаматтың тек 17-і ғана Жоғары палата құрамына таңдалады. 

Сенат депутаттарын сайлауға республикалық бюджеттен 254 миллион теңгеден астам қаржы бөлініпті. Ал кандидаттардың айтуынша, олардың сайлау бағдарламасын таныстыруға қарастырылған қаржы аздығынан тұрғындардың қамтылуы да мардымсыз болған екен. Заңға сәйкес, сайлаудың нақты қортыныдысы дауыс беру аяқталған соң жеті күннен кейін жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде