17 тамызда жеті мемлекетке халықаралық рейс жанданады
Елімізде халықаралық рейстердің қатары артып, қатынас қайта жанданады. Енді қазақстандықтар 17 тамыздан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес, жеті мемлекетке ұша алады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
12.08.2020
Ашылатын халықаралық рейстердің тізімінде Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланд, Мысыр, Украина және Ресей бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталмыш елдердің авиациялық органдарымен алдын ала келісіп, мән-жайды пысықтаған. Бірақ бұл жеті мемлекетке ұшу үшін санитарлық талап қатаң сақталуы тиіс. Коронавирустың бар-жоғын тексеретін тесттің қорытындысы міндетті түрде керек. Ал халықаралық рейс саны үкіметаралық келісіммен бекітіледі және ол әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!