{metadescription}
Қазақстан Ресейдің «Спутник V» екпесін сатып алуы мүмкін
Қазақстан Ресейдің «Спутник V» екпесін сатып алуы мүмкін

Қазақстан Ресейдің «Спутник V» екпесін сатып алуы мүмкін

Қазақстан Ресейдің жаһанға жарияланған мақтаулы «Спутник V» вакцинасын сатып алуы мүмкін. Тамыз айының ортасында үкіметтік делегация Мәскеуге бармақ. Бұл туралы мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған жеделхатында жазды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлерді біздің елге жібергеніңізге ризашылық білдіреміз. Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады.

Қазақстаннан Мәскеуге аттанатын үкіметтік делегация құрамында кімдер болатыны белгісіз. Ал Ресейдің әлемде алғаш боп Covid-19-ға қарсы вакцинаны тіркегенін күні кеше Владимир Путин мәлімдеген. Инфекциядан қорғайтын бұл препарат Гамалея атындағы зерттеу орталығының дәрі-дәрмек зауытында шығарылады. «Спутник V» екпесі үшінші сынақтан әлі өткізілмесе де, қыркүйекте ресейлік медицина қызметкерлеріне салына бастамақшы. Дегенмен еуропалық ғалымдар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзінде ресейлік дәрінің сапасына күмәнмен қарап отырғандар аз емес.

Ал қазақстандық COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі де сәтті аяқталды. Қауіпті кеселге қарсы екпе екі миллионнан астам отандасымызға тегін беріледі деп жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде