{metadescription}
Елордада аппатты деп танылған көп қабатты үйлер бұзылады
Елордада аппатты деп танылған көп қабатты үйлер бұзылады

Елордада аппатты деп танылған көп қабатты үйлер бұзылады

Елордада көп қабатты бес үй бұзылады. 200-ден астам пәтері бар бұл үйлер аппатты деп танылған. Ал пәтер иелерін баспанасыз қалдырмаймыз деп отыр қала басшылығы. Нұр-Сұлтанда қазір 47 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр екен.    

Мемлекеттік бағдарламамен көпбалалы отбасылар, әлеуметтік әлсіз топқа жататындар, жетімдер, бюджеттік қызметкерлер, әскерилер және жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар кезекке тұра алады. Бұларға қатысты Нұр-Сұлтан қаласында шоғырланған 209 пәтері бар көп қабатты бес  үй осы жылы бұзылып, иелеріне әкімдік жаңа пәтер ұсынамыз деп отыр. Ал баспанаға кезекке тұрғандардың тізімі мерзім сайын түгенделіп отырады екен. Мәселен, кезекті күтпей баспаналы болғандар басқа қалаға көшіп кеткендер тізімнен түседі. Жыл басынан бері 1800-ден астам азамат түрлі жағдайға байланысты кезектен алынып тасталыпты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны беруге қауқарсыз көп балалы, толық емес жанұялар мен мүгедек баласы барларға 1 миллион теңгелік сертификатты табыстауды әкімдік өз мойнына алып отыр. Биыл сондай 125 сертификат тапсырылыпты. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары жалдамалы пәтермен қамтылады. Ал талайдың үйлі болу үмітін арттыра түскен 5-10-20 бағдарламасының өзі барлығына жарай бермейді.

Айша Бекенова, Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы:

Еңбек немесе кәсіпкерліктен түсетін кіріс 101 мың теңгені құрауы қажет. Бұл дегеніміз, мысалы, егер отбасыда үш адам болса, онда ерлі-зайыптылардың кірісі 300 мыңнан аспауы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде