{metadescription}
Беларусь: Қарсылық шарасына журналистер қосылып, жұмыстан кетіп жатыр       
Беларусь: Қарсылық шарасына журналистер қосылып, жұмыстан кетіп жатыр       

Беларусь: Қарсылық шарасына журналистер қосылып, жұмыстан кетіп жатыр       

Беларусьтағы халық пен биліктің қақтығысы осымен төртінші күнге жалғасуда. Қарсылық шарасына енді мемлекеттік арналардың журналистері де қосылып, бірінен соң бірі жұмыстан кетіп жатыр.     

Жұмыстан кету туралы арызды елдегі бірнеше танымал журналист жазды. Бәрі де білдей мемлекеттік арнадағы жаңалық жүргізушілері. Билікке қызмет етуден бас тартқан тілшілер тәртіп сақшыларының сайлау қорытындысымен келіспеген тұрғындарды сабап, таяқтауына қарсы. Журналистермен бірге өзге мекемелердегі жұмысшылар да қызметінен кетіп жатыр. Биліктің тұтқынға түскендерге аса қатігездік танытуына Халықаралық ұйымдар да қарсы шықты. Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтарын қорғау жөніндегі жоғарғы комиссары Лукашенкодан бұл сұмдықты дереу тоқтатуды талап етті. Десе де, Беларусь басшысының ешкімге құлақ асқысы жоқ. Ал елдегі қақтығыстар төртінші күн жалғасып жатыр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде