Оралда кәріз коллекторы жарылып, жұрт сусыз қалды
Оралда коммуналдық апат салдарынан 30 мың адам ауыз сусыз қалды. Қалада тағы да кәріз коллекторы жарылған. Осы жолы қаланың ескі бөлігіндегі құбырлар қысымға шыдамапты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.08.2020
Кәріз жүйесі бекетіндегі су сорғыштар мен электкр қозғалтқыштар лас судың астында қалған. Жөндеу бригадалары сонымен кешелі бері алысып жатыр. Мамандардың айтуынша, жүйедегі кәріз суын тоқтатпайынша, құбырдың жарылған тұсын жамау мүмкін емес. Осыған байланысты қаланың орталығына су берілмей отыр. Ал қалған аудандарда судың қысымы азайтылған. Қалаға ауыз су жүйесі толығымен ертең ғана берілмек.
Арман Кенжебаев, «Батыс су арнасы» ЖШС техникалық директоры:
- Біз ауыз суды тоқтатпай ақ, қалаға қиындық тудырмай кәріз суларын сорып аламыз деп ойлағанбыз. Алайда судың көлемі көп болғандықтан, онымыз іске аспайтын болды. Соныдықтан орталықта ауыз суды тоқтатып, басқа аудандарда қысымды азайтуға мәжбүр болдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!