{metadescription}
Ішімдік ішкен қыздар ересек адамға қол көтерген – Алматы
Ішімдік ішкен қыздар ересек адамға қол көтерген – Алматы

Ішімдік ішкен қыздар ересек адамға қол көтерген – Алматы

Алматыда алкогольдік ішімдік ішкен жас қыздар «тыныштал» деп ескерту жасаған ерлі-зайыптыға жұдырық ала жүгірген. Тау шаңғы кешенінің жанында орналасқан үйдің тұрғындары сол маңға жиналған жастардың шуламай, таралуын өтінген. Алайда өз отырысын әбестікке санамағандар үлкендермен салғыласуды жөн көрген. Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты тексерісті бастап кетті.

Анасындай адамға зекіген қыздар сауықты үзгендерге қапалы. Өздерінің түн тыныштығын бұзғанымен шаруасы жоқ. Ащы судың әсерінен ашуға бой алдырған бойжеткеннің бірі ерлі-зайыптыға атылып, қолдағы телефонмен соққыны оңды-солды жіберген.

Альмира Нұрышева алдымен күйеуін оған тап берген арудан арашалаймын дегенде, өзі де соққының астында қалады. Айтуынша, мамырдан бері трамплинге бастар осы жолда күнде түнде есірген жастар жиналып, есті шығарады екен. Сол түні полицейлер келіп көліктерді қуғанымен, ертеңіне қайта жиналыпты.

Қанат Ақышев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Хат жаздық, полицияның бастығына да, әкімдікке де, кешелі бері патруль келіп жатыр. Соған қарамай адамдар келіп, мына жерден өткісі келіп жатыр. Бірақ патруль жұмысын істеп жатыр. Біздің талабымыз, патруль күнде осында тұрып, адамдарды өткізбесін деп сұраймыз.

Альмира Нұрышева өзін соққылаған қыздың үстінен арыз жазған. Қазір бұл жайт бойынша тексеріс басталып кетті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Арыз екі тараптан да түсіп отыр. Екеуі де бір-біріне жұдырық жұмсағанын айтуда. Қазір аталмыш оқиғаға құқықтық тұрғыда баға беру үшін және жәбірленушілердің дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Болар іс болды. Бұл көшедегі тұрғындардың ендігі басты тілегі – түнде тыныштық орнауы. Алайда оған көнер жастар табыла қойса, жарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде