{metadescription}
25 жасын дүркіретіп тойлаған келіншек жауапқа тартылды – Павлодар
25 жасын дүркіретіп тойлаған келіншек жауапқа тартылды – Павлодар

25 жасын дүркіретіп тойлаған келіншек жауапқа тартылды – Павлодар

Павлодарда карантин кезінде 25 жасын дүркіретіп тойлаған келіншек жауапқа тартылып жатыр. Мерейтойдың қызғаны сонша, кафедегі айғай-шудан сол маңдағы жер үйдің тұрғындары ұйықтай алмай, полиция шақыруға мәжбүр болыпты.

Жедел жеткен тәртіп сақшылары көңілді дастарқанның үстінен түскен. Туған күн иесі тіпті асаба мен әнші де жалдаған екен. Тойды тоқтатқан полицейлер қонақтарды дереу үйіне тарқатты. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған той иесі мен мейрамхана қожайыны енді айыппұл төлеуі тиіс. Карантин басталғалы өңірде осындай жетпістен аса той әшкереленген. Сондай-ақ, кальян саудалаған орталықтар да көп. Олардың жұмысына қатаң тыйым салынғанымен, кәсіпкерлер ескертуді пысқыратын емес.

Жасқайрат Қаиров, Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары:

- Карантин басталған уақыттан бастап 15 кальян тарту дерегі анықталды. Кальян қожайындары әкімшілік құқыққа тартылатын болады және кальянды тартқан адамдарға да әкімшілік хаттама толтырылады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.