Интернетте есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды
Интернет арқылы тоқтаусыз сатылған есірткінің жолы кесілді. Жылмысқы жолмен жастарды арбаған қылмыстық топ мүшелері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің елордадағы арнайы операциясы кезінде құрықталды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.08.2020
Автомат асынған арнайы жасақ есірткі саудагерлерін көлікте отырған жерінде қолға түсірген. Олардың үшеуі Қазақстан азаматы, біреуі – шетелдік. Төрт сыбайлас Ақмола облысында жасырын зертханада есірткі мен психотроптық заттар жасаған. Оны интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында саудаға салыпты. Ұсталғандар қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!