{metadescription}
Жылу электр орталықтары қашан газға ауыстырылады?  
Жылу электр орталықтары қашан газға ауыстырылады?  

Жылу электр орталықтары қашан газға ауыстырылады?  

Алматыда талай жыл жырға айналған жылу электр орталықтарының қашан газға ауысатыны белгілі болды. Бүгін Экология минстрі ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 жылу орталығы қаланың экологиясын құртып біткенін сынға алғаны сол, жауапты мекеме өкілдері қай уақыттан бастап көгілдір отынға көшетінін жариялады. 

Егер жұмыс жоспарға сай жүргізілсе, 2024 жылы ТЭЦ-2, ал 2024-25 жылдары ТЭЦ-3 жылу орталығы толықтай көгілдір отынға көшірілмек. Тіпті, бұған дейін кейбір мамандар ТЭЦ-2-ні газға ауыстыру мүмкін емес, өйткені қала сейсмикалық аумақта орналасқан деген еді. Ал, министрліктің мәліметінше, ТЭЦ-3 жылу орталығының Алматы экологиясына кері әсері карантин кезінде қатты байқалыпты. Зерттеу бойынша, ТЭЦ-2-ден 33 мың, ТЭЦ-3-тен 12 мың тонна зиянды зат ауаға шығады. Сондай-ақ қаладағы ауа айналымына биік үйлер де кедергі жасап тұрған көрінеді. Мәселен, соңғы 20 жылда Алматыдағы желдің орташа жылдамдығы қатты төмендеп кеткен. Осыған орай министрліктегілер жергілікті әкімдікке қаланың архитектуралық қалпы мен бас жоспарына өзгеріс енгізу мақсатында зерттеу жүргізуді ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде