{metadescription}
Министр Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот басталды
Министр Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот басталды

Министр Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің туған ағасына қатысты сот отырысы басталды. Аталмыш ведомстваның Жамбыл облысындағы басқармасына басшылық еткен Тимуржан Нұрымбетов 9 миллион пара алды деп айыпталып, сәуір айында қамауға алынған.

Артынша қызметінен босатылды. Таратылған мәліметтерде экс-шенеуніктің жергілікті қоғамдық бірлестік жетекшісі арқылы ақша жымқырмақ болғаны айтылған. Білдей басқарманың тек бір ұйыммен етене жақын жұмыс істеуі күдік туғызған. Бұл бірлестік осы жылдың өзінде 86 миллионға мемлекеттік тапсырыс алыпты. Қаражаттың бәрі бір көзден алынып, ешқандай конкурс өткізілмеген. Басты күдіктінің сыбайласы ретінде тағы бес адам тартылып отыр. Оның біреуі 9 миллионды алып жатқанда ұсталған делдал. Алғашқы сот процесі онлайн түрде өтті. Судья сыбайластардың бесеуіне қатысты өндіріске алынған істі тоқтатуға, не қысқартуға негіз жоқ деген шешім шығарған. Келесі сот отырыс 17-ші тамызға белгіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде