{metadescription}
«Басымды қатырма»! Ерғали Сыдымановқа қатысты тексеріс басталды
«Басымды қатырма»! Ерғали Сыдымановқа қатысты тексеріс басталды

«Басымды қатырма»! Ерғали Сыдымановқа қатысты тексеріс басталды

Қызметке кіріспей жатып, басы дауға қалған Алматы облысының бас санитар дәрігері әлеуметтік желіде тараған видеоны «монтаж» деп ақталды. Алдына көмек сұрап келген бір топ кәсіпкерге «басымды қатырма» деп жекіген Ерғали Сыдымановтың дөрекілігі жұрттың ашуына тиген болатын. Енді Денсаулық сақтау министрінің тапсырысымен оған қатысты тексеріс басталып кетті.     

«Басымды қатырма» деп желіні шулатқан басшы бүгін бұл әрекетін түсіндіруге тырысты. Ерғали Сыдымановтың айтуынша, кәсіпкерлер кездесудің тек келеңсіз бөлігін ғана кесіп, көрсетіпті. Әдепті сөйлеген тұсы таспадан алып тасталынды деген бас санитар дөрекі сөзі үшін кешірім сұраған да жоқ. Ал дөрекі басшыға қатысты Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс басталып кетті. Жақын күндері ісі тәртіптік кеңесте қаралмақ. Ерғали Сыдыманов Алматы облысының бас санитар дәрігер болып күні кеше ғана тағайындалған. Бұған дейін осы қызметті Маңғыстау облысында атқарыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде