{metadescription}
Ковид-19: Бір тәулікте 29 адам көз жұмды
Ковид-19: Бір тәулікте 29 адам көз жұмды

Ковид-19: Бір тәулікте 29 адам көз жұмды

Елімізде бір тәулікте 29 адам қатерлі індеттің құрбаны болды. Оның ішінде 7-уі пневмониядан, 22-сі коронавирустан көз жұмған. Ал ел бойынша жағдай тұрақталып келеді дегенімен, соңғы тәулікте 517 адамнан вирус анықталды.

Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың арасында 278 адамнан еш белгі байқалмаған. Аймақ бойынша Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандардың көшін бастап тұр. Десе де мамандар күн санап науқастардың қатары азайып келе жатқанын айтады. Мәселен, Нұр-Сұлтанда стационардағы науқастардың саны он есе азайыпты. Тіпті пневмония жұқтырғандардың қатары 12 есе кеміген. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты кейбір өңірдегі клиникалар бұрынғы жұмыс режиміне көшуге мүмкіндік алған. Соған сәйкес Алматыдағы №4 және 7 қалалық емхана негізгі бағыт бойынша қайтадан жұмыс істей бастады. Алайда індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін екенін ескерткен мамандар «ешқашан босаңсымау қажет» дейді. Елімізде коронавирус жұқтырғандың саны 102 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.