{metadescription}
Бішкек соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкім шығарды    
Бішкек соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкім шығарды    

Бішкек соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкім шығарды    

Бүгін Бішкек қалалық соты Қырғызстанның экс-президентіне қатысты үкімді күшінде қалдырды. Кесілген 11 жыл екі ай жазаға Алмазбек Атамбаевтың қорғаушылары да, прокуратура да келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын.

Қырғызстанды алты жыл басқарған Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевті түрмеден заңсыз шығарды деп айыпталған. 16 жылға сотталған қылмыскер «ауыр дертке ұшырады» деп жалған анықтама жасап, жазадан босатып жіберген. Бостандыққа шыққан Батукаев басқа төлқұжатпен бірден шетел асып кеткен. 2013 жылғы жарлықты шығаруға Атамбаев ақша алды деп айыпталған. Былтыр аталмыш іс қайта көтеріліп, қылмыскердің түрмеден босауына ықпал еткен бірнеше билік өкілі жауапқа тартылды. Оның ішінде Атамбаев та бар. Алайда экс-президент кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Ол мұны өзіне жасалған «саяси қастандық» деген сөзінен танбай отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.