{metadescription}
Беларусь: Тихановская билікті халықпен диалог орнатуға шақырды  
Беларусь: Тихановская билікті халықпен диалог орнатуға шақырды  

Беларусь: Тихановская билікті халықпен диалог орнатуға шақырды  

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская тағы да видеоүндеу жариялады. Бұл жолы батыл сөйлеген ол өзіне дауыс берген сайлаушыларға рақметін жаудырып, билікті халықпен диалог орнатуға шақырды. Халықтың қазіргі жүйеден қажығанын жеткізген Тихоновская «ескі билікке жол жоқ» дейді.  

Светлана Тихановская, Беларусь президенттігіне үміткер:

- Азаматтардың бейбіт түрде көшеге шыққанын билік қанды қырғынға айналдырып жіберді. Жағдай өте күрделі. Елдегі соңғы ахуалға қайғырып отырмын. Мен үшін, өзгерістерді қалайтындар үшін ең құндысыадам өмірі. Бізге Беларусь қалаларындағы зорлық-зомбылықты тоқтату қажет. 

«Әрбір дауыс әділ саналғанда, кемі 60-70 пайыз жинағаным анық» деген Светлана Тихановская халықтың Лукашенкоға сенуден қалғанын ашық айтып отыр. Сол себепті ол елдегі барлық қаланың мэрін 15-16 тамыз күндері жаппай бейбіт жиындарды ұйымдастыруға үндеді.

Беларусьтағы президент сайлауынан соң басталған жаппай наразылық әлі басылмай тұр. Елдегі көптеген ірі өндіріс орындарының қызметкерлері митингке шығушыларды қолдап, жұмысын тоқтатты. Олар да әділ сайлауды және ұсталғандарды тезірек босатуды талап етуде. Билік көшедегі митингтің еңбек ұжымдарының арасында жалғасын тапқанынан сескенді ме, тергеу изоляторына қамалғандарды біртіндеп боста бастады. Алайда арнайы жасақтан оңбай таяқ жегендер тергеу қапасында да оларды ұрып-соққанын айтады. Изолятор алдында туған-туысқанын іздеп табанынан таусылған халықтың қарасы әлі көп. Ал «президент елден шығып кетті» деген ақпаратқа жауап берген Александр Лукашенко өзінің ешқайда кетпегенін айтып ақталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде