{metadescription}
Алматы облысында құжаты жоқ қыз мектепке бара алмай жүр
Алматы облысында құжаты жоқ қыз мектепке бара алмай жүр

Алматы облысында құжаты жоқ қыз мектепке бара алмай жүр

Алматы облысында құжаты жоқ қыз мектепке бара алмай жүр. Бүлдіршінді дүниеге алып келген анасы бірнеше жыл бұрын отбасын тастап, хабар-ошарсыз кетіпті. Туу туралы куәлік те содан жасалмай қалған. Ата-анасының салғырттығы енді мектеп жасындағы баланың жолын байлап отыр. Ал бүлдіршінді бағып-қаққан әжесі безбүйрек ананы бес жылдан бері жер-көктен іздеп таппаған. Енді қаршадай қыздың мектепке барсам дегені арманы әзір орындалмайтын сыңайлы. 

Жақындаға ғана жеті жасқа толған Заринаның білімге деген құлшынысы жоғары. Алайда оқуға ынтасы оянған жеткіншектің еш жерде тіркеуі жоқ. Тиісінше, бірде-бір құжаты жоқ баланы мектептер қабылдамайды.

Ал қыздың анасы сәбиді әкесіне тапсырып, хат-хабарсыз кетіпті. Содан бері бес жыл өткен. Немересін кішкентайынан бағып-қаққан Райкүл апа туу туралы куәлік жасату үшін талай табалдырықты тоздырыпты. Дегенмен бейбүйрек ананың өзі жоқ және оның қай жерде босанғаны да беймәлім. Тастанды қыздың тағдырына алаңдаған әжесі «анасының немқұрайлығы баланың жолып байлап отыр» деп шырылдайды.   

Райкүл Омарова, әжесі: 

- Тоғыз айлығында алып келді. Метірке жасатайық десек, ана шешесі «құжатым жоқ» дейді. Танымайтын әйелден мына бала дүниеге келді. Мамасы баланы бір жарым жасында тастап кетті. Қазір жетіге толды. Кеткеніне бес жарым жыл болды, Іздедік, таппадық. Мына періштенің қандай кінәсі бар? Баланы енді осы жерде оқытуым керек.   

Өрімдей қызға әжесі екпені дәрігерлерге жалынып-жалпайып жүріп әрең салдыртыпты. Ең қызығы, Алматы облысы Шиен ауылында тұратын құжаты жоқ қызды осы күнге дейін бірде-бір құзырлы орган іздеп келмеген. Шарасыз отбасы енді аудан атқамінерлерінен көмек сұрап отыр.

Райкүл Омарова, әжесі:

- Аудан әкімінен келіп көмек сұрап тұрмын. Не істеймін?! Кішкентай нәрестенің жазығы жоқ қой. Бұл оқу керек. Көзі ашылу керек. Шиендегі әкімге айттқанымда, заңгер шақыртып берген. Сонда заңгер шешесінің бас тартуы керек деген.

Заңгер жалдауға қалтасы көмермейтін отбасыға тегін құқықтық көмек көрсетуге тек «Тарбағатай» заңгерлер палатасы келісті. Баланың «мектеп табалдырығын аттаймын» деген арманын орындауға енді солар барын салмақ.

Бағдат Амандосұлы, заңгер:

- Оның жеке тұлға ретінде растайтын құжаты болмағандықтан, бұл іс сот арқылы ғана шешіледі, Атап айтқанда, талап-арызбен жүгіну керек. Сот алдында баланың туғанын растау жөнінде мәселені қою керек. Аналықты немесе әкелікті таныту керек. Оған сәйкесінше, молекулалық-генетикалық сараптама болады. Соның қорытындысы бойынша сот тиісті шешім шығарады.

Жамбыл ауданының әкімдігі де көмек береміз деп уәде етті.

Бақтияр Айталы, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

Біз осы мәселеден хабардармыз. Кішкентай Заринаның мектепке рәсімдеу жұмыстарында керекті заңды көмектерді аудан тарапынан да, ауылдық округ тарапынан да кез келген уақытта көрсетуге дайынбыз. Заринаның өмірі алдағы уақытта біздің бақылауда болады.

Бірақ құжат мәселесін сот арқылы толыққанды шешуге кемі үш ай уақыт керек. Сондықтан Зарина биыл мектеп партасына отыра алмауы да мүмкін. Оның үстіне мал бағып күн көретін әкесінің репетитор жалдайдын жағдайы жоқ. Бүлдіршіннің болашағына алаңдаған отбасы тығырықтан шығаратын  жол таппай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде