{metadescription}
Үйде қараусыз қалған бүлдіршін биіктен дәрет сындырған – Павлодар
Үйде қараусыз қалған бүлдіршін биіктен дәрет сындырған – Павлодар

Үйде қараусыз қалған бүлдіршін биіктен дәрет сындырған – Павлодар

Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінде тұрған бүлдіршіннің видеосы желі қолданушыларын шошытты. Пәтерде қараусыз қалған ойын баласы бесінші қабатта тұрып дәрет сындырған.

Кейнекадрларда биіктегі пәтер терезесінен біресе отырып, біресе тұрып дәрет сындырған кішкентай баланың қылығы анық көрінеді. Мұны қарама-қарсы үйдің тұрғындары аңғарып, видеоға түсіріп алған. Бірақ бүлдіршін шошып, төменге құлап кете ме деп үрейленген куәгерлер оған жақ ашуға бата алмапты. Бейнежазбаны әлеуметтік желіден көрген полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, төрт жасар баланың пәтерде өзге екі жеткіншекпен отырғанын анықтаған. Ал ата-анасын үйден таппапты. Сондықтан ата-анасы енді әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Ал бүлдіршіннің өзі дін аман. 

Жанна Біләлова, Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Үлкендердің бақылауынсыз қалған төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан терезенің ернеуіне шығып дәрет сындырған. Аталған факті бойынша анасына ҚР Әкімшілік құық бұзушылық кодексінің 127-бабымен әкімшілік іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде