{metadescription}
Неліктен рентген-зертханашылар үстеме ақымен қамтылмай қалды? 
Неліктен рентген-зертханашылар үстеме ақымен қамтылмай қалды? 

Неліктен рентген-зертханашылар үстеме ақымен қамтылмай қалды? 

Елорда емханаларының рентген-зертханашылары коронавируспен ауырған мамандарға берілетін 2 миллион теңгені талап етті. Қазіргі талап бойынша провизорлық стационарларда жұмыс істейтіндері ғана дерт жұқтырса, арнайы ақы алады екен. Ал қалған емхана, ауруханалардағы рентген-лаборанттар науқастарды қабылдап, өзі де вирус жұқтырған жағдайда ешқандай ақы қарастырылмаған.

Өйткені қосымша ақымен қамтамсыз етілетін үш санатағылардың ешқайсында зертханашылар жоқ. Басын қауіпке тігіп, «мемлекет шарапатсыз қалдырмайды-ау» деп сенген мамандардың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Бұл рентген-зертханашылардың барлығы Нұр-Сұлтандағы емхана, ауруханаларда жұмыс істейді. Қауіпті дерт дендей түскенде провизорлық стационарлар үлгермеген соң, пневмониямен ауырғандарды жаппай осы емханалар мен ауруханаларға жіберген. Ал әуелгі талап бойынша, covid немесе пневмония белгісі барлар тек провизорларда тексерілуі тиіс-тін. Бірақ...

Максим Величко, рентген-зертханашы:

- Ел астанасында рентген аппараттары жоқ ауруханалар мен емханалар бар. Қазіргі қиын жағдайда пневмонияға шалдыққан, жөтелі асқынған, коронавирустың белгілері бар науқас қатары көбейіп кетті. Олардың барлығы рентгенге түседі. Соның салдарынан біздің пневмония жұқтыру қаупіміз өте жоғары. Оны ескеріп жатқан ешкім жоқ.

Қауіпті індет жұқтырғандардың қатары көбейген сайын, қызметкерлер басшылыққа шағымданған екен. Бірақ басшылар лаборанттардың науқастармен 15 минуттай ғана байланыста болатынын алға тартып, «бұл уақытта дерт жұқтыру мүмкін емес» деген жауап беріпті. Алайда вирус жұқтырғандары жоқ емес.

Мақсат Мұхтар, рентген-зертханашы:

- Жұқтырғандар бар. Өзіммен бірге жұмыс істейтін әріптестерімнің жартысынан көбі, мысалы 15 әріптес десек, оның 9-10 ауырып шықты осы аурумен. Біздің әріптестеріміз жай ғана ЖРВИ-мен ауырған болады. Тіпті ПТР-сараптама оң нәтиже көрсетсе де, бірақ оған дейін еңбекке жарасыздық парағында ЖРВИ деп ашып қойған.  

Провизорлық стационарлардағы рентген-зертханашылар дерт жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге төленеді. Қалған емханалар мен ауруханалардағылары мұндай мүмкіндіктен қағылған. Ал дәл осындай ауруханаларға күніне 100 шақты науқас келсе, соның 90 пайызында пневмония анықталады екен.

Бұл зертханашылардың неліктен үстеме ақымен қамтылмайтынын нақтылау  үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хабарластық. Алайда қандай да бір жауап алу мүмкін болмады.

ТМД көлемінде Қазақстаннан басқа мемлекеттерде рентген-зертханашылар  45-50 жаста зейнетке шығады екен. Бұл талап бізде де болыпты. Тек 2000-жылдары өзгерген. Ашынған мамандар бұл мәселеге президенттің өзі араласады деген үмітте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде