{metadescription}
Шетелдік туристер ПТР-тестін тапсыра ма?  
Шетелдік туристер ПТР-тестін тапсыра ма?  

Шетелдік туристер ПТР-тестін тапсыра ма?  

Шетелден ұшып келген туристерге ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ бұл талап тек эпидемиологиялық жағдайы біздікінен жақсы елдің азаматтарына қатысты. 17-тамыздан бастап халықаралық рейстердің қайта жандануына орай, Денсаулық сақтау министрлігі талаптардың тізімін әзірлеп қойған.

Айжан Есмағамбетова, ҚР бас санитар дәрігері:

- Бізде қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бар. Осы мекеме Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ғана емес, әуе қатынасы қайта жанданған мемлекеттердің де жағдайын зерделеп отырады. Егер шет мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, онда ол елден келетін жолаушыларна еш шектеу жоқ.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, шет мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы Қазақстанмен бірдей болса, міндетті түрде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттің анықтамасы болуы қажет. Осы құжаттың мерзімі бес күннен аспауы тиіс. Егер тесттің анықтамасы болмаса, онда жолаушының жеке мәліметі арнайы ұялы қосымшаға енгізіледі. Содан соң, ол адам екі күннің ішінде ПТР-тест тапсырамын деген қолхат жазып беруі керек немесе 14 күн үйде карантинде отырып шығуы тиіс. Яғни, екеуінің біреуін таңдайды.

Алдағы дүйсенбіден бастап, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланд, Мысыр, Украина мен Ресейге әуе рейстері ашылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде