«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы қамауға алынды
«СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы аса ірі көлемдегі жемқорлық дерегі бойынша қамауға алынды. Ол төтенше жағдай кезінде мансабын асыра пайдаланып, медициналық өнімдерді сатып алуда қаржы жымқырған деп күдікке ілігіп отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
14.08.2020
Коронавирус тарап, төтенше жағдай жарияланған кезде дәрі тасымалына жауапты елдегі жалғыз компанияны Берік Шәріп басқарған еді. Жұрт қарапайым дәрілердің өзін таба алмай сабылып, жағдай одан бетер ушыққан тұста, Шәріпті президент қызметінен қуған болатын. Қуып қана қойған жоқ, «СҚ-Фармацияда» бастан-аяқ тексеріс жұмыстарын жүргізуге пәрмен берген. Сол тексеріс нәтижесі бойынша былықтың беті ашылып отыр. Жемқорлыққа қарсы қызмет әзірге қанша қаржының қалай жымқырылғанын ашып айтқан жоқ. Белгілісі, медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде қызметін асыра пайдаланып, орасан зор нұқсан келтірген Берік Шәріп қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторында отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!