{metadescription}
Филиппинде коронавирустың мутациясы анықталды – G614
Филиппинде коронавирустың мутациясы анықталды – G614

Филиппинде коронавирустың мутациясы анықталды – G614

Филиппинде коронавирустың жаңа түрі анықталды. Мәліметтерге қарағанда, бұл індеттің мутацияланған нұсқасы. Ал әсері екі есе күшті.

Адамнан адамға қас пен көздің арасында жұғады екен. Жылдамдығы жағынан әлдеқайда дамыған. Бұл туралы Филиппиндегі геномды зерттейтін орталық қызметкерлері жариялады. Коронавирустың түрленген түріне ат та берілген. Ғалымдар оны G614 деп атады. Бұл індет Кесон-Сити қаласының коронавирусқа шалдыққан бірнеше тұрғынынан анықталды. Мәліметтерге қарағанда, коронавирустың мутацияланған түрі маусым айында белгілі болған. Ең алғаш боп малайзиялықтар дабыл қаққан екен. Негізгі індеттің жаппай таралуына байланысты соңына дейін зерттелмей қалып қойған. Десе де кейбір ғалымдар G614-тің жарық жылдамдығымен жұғатынына күмән келтіріп отыр. Себебі, клиникалық зерттеулер кезінде ол жағы қайтты байқалмаған. Ал әсері кәдімгі вирус іспеттес. Дегенмен аурудың алдын алу үшін мутацияланған вирусқа қатысты зерттеулер әлі жалғасады.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде