{metadescription}
Таиландта үкіметке қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр  
Таиландта үкіметке қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр  

Таиландта үкіметке қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр  

Таиланд халқы да биліктен реформа талап етіп, үкіметке қарсы наразылық шарасын өткізуде. Ел астанасы Бангкоктың орталығына жиналған 10 мыңға жуық адам «диктатура жойылсын», «бізге шынайы демократия керек» деп ұрандатып жатыр.

Наразылыққа қатысушылар елдің негізгі заңын өзгертіп, парламентті таратуды және премьер-министрдің орнынан кетуін талап етеді. Шерушілер онымен қоса монархияны реформалауды ұсынып отыр. Себебі, оған тіл тигізсең, 15 жылға дейін темір торға қамаласың деген заң тармақтары халықтың әбден ашуын туғызған.

Тайландтағы наразылық акциясы шілде айынан бері оқтын-оқтын жалғасып келеді. Оған жергілікті «Ерікті жастар» ұйымы жетекшілік етеді. Әсіресе бірнеше күн бұрын оның үш жетекшісі тұтқындалғаннан бері қозғалыстың қарқыны күшейген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.