{metadescription}
Беларусь: Светлана Тихановская саясатқа қайта оралмақшы
Беларусь: Светлана Тихановская саясатқа қайта оралмақшы

Беларусь: Светлана Тихановская саясатқа қайта оралмақшы

Беларусь билігінің қыспағына шыдамай елден кеткен Светлана Тихановская саясат сахнасына қайта оралмақшы. Бұған дейін «саясатпен өз қалауыммен қоштастым» деп шекара асып кеткен ол енді еліне қайтып келіп, ұлт көшбасшысы атануға дайын екенін жариялады. 

Светлана Тихановская:

- Мен осындай қиын кезеңде өзіме жауапкершілік алып, ұлт көшбасшысы ретінде ел басқаруға дайынмын. Еліміз тынышталып, бір жүйеге түсу керек. Көтеріліс кезінде жазықсыз тұтқындалған азаматтарды босатып, қысқа мерзімде жаңадан әділ де, ашық президент сайлауын өткізуге жағдай жасауымыз қажет.

Халқына арнап кезекті мәрте видеоүндеу жазған оппозиционер билік басына келгендегі жоспарларын құрып та қойыпты. Атап айтқанда, Тихановская қайтадан президент сайлауын өткізбек. Сөйтіп елінде тыныштық орнататынына сенімді. Ал Беларусьтағы қарсылық шаралары бүгін сегізінші күн жалғасуда. Бірақ бұл жолы жұртқа таяқ ала жүгірген тәртіп сақшылары жоқ. Шеру бейбіт өткен. Мәліметтерге қарағанда, Минскінің өзінде 200 мыңнан астам тұрғын көшеге шығыпты. Лукашенко билігіне қарсы басқа қалалардағы жұрт та жұдырықтай жұмылды. Десе де, Лукашенконың оңайлықпен биліктен кеткісі жоқ. Сайлауда 80 пайыз дауыс жинап, үлкен басымдықпен жеңіске жеткен президент жергілікті зауыттардың бірінде азаматтармен кездесу өткізді. Бірақ, алдын ала ұйымдастырылған жиынның өзінде жұмысшылар жаппай Лукашенкоға «Кет!» деп айқайлады.

- Рақмет, мен бәрін айттым, «кет» деп айқайлай берулеріңізге болады.  

- Кет! Кет! Кет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.