Қордайда тәркіленген контрабандалық спиртті пайдаға жаратты
Контрабандалық тауар кәдеге жарағалы тұр. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы шекарадан тәркіленген 19 тонна спирт өңірдің денсаулық сақтау басқармасына өткізілді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.08.2020
Себебі, құзырлы орын өкілдері оны текке төккенше, вирусқа қарсы қолдануды ұйғарыпты. Құны 40 млн. теңге 19 тонна медициналық спирт түгел денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Мамандардың айтуынша, одан 23 мың литр антисептік пен дезинфекциялық сұйықтықтар әзірлеуге болады.
Контрабандалық тауар қырғыз елінен қазақ жері арқылы Рессейге жеткізілуі тиіс болған. Бірақ пысықайлардың құжатының жалған екені Қордай бекетінде әшкереленді.
Мақсат Дәуірбаев, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:
- Аталмыш фактімен құқық бұзушы Қордай аудандық соты 24 шілде, 2020 жылғы қаулысымен 283 бабының 5 бөлігі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салып, жүгі тәркіленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!