{metadescription}
Аз қамтылған отбасы мектеп құрал-жабдығын өзі сатып алады
Аз қамтылған отбасы мектеп құрал-жабдығын өзі сатып алады

Аз қамтылған отбасы мектеп құрал-жабдығын өзі сатып алады

Биыл елордалық аз қамтылған отбасылардың балалары мектеп құрал-жабдықтарын өздері сатып алады. Тек қолында қоғамдық көліктің картасы болуы тиіс. Бас шаһардың әкімдігі міндетті оқыту қоры есебінен әр оқушыға 40 мың теңге бөлмекші. Ал бұрын ата-аналарға арнайы сертификаттар ғана берілетін.

Шолпан Қадырова, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы:

- 40 мың теңге баланың көлік картасына, 40 мың бірлік түрінде толтырылады. Ата-ана тауарды таңдап, сатушыға баланың көлік картасын ұсынады. Сатушы арнайы бағдарлама арқылы таңдалған тауардың ақысын картадан бірлік ретінде алады. Әлеуметтік бірліктердің қозғалысы жеке кабинеттерде бақыланады. Бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Жалпыға міндетті оқыту қорының қаржылай көмегін аз қамтылған отбасы балалары, жетім қалғандар және табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыдағы оқушылар ала алады. Ол үшін әр ата-ана және баланың заңды өкілі мектепке барып, материалдық көмекті алуға құқы бар құжатын көрсетуі тиіс. Өтінімдер ертең қабылданып, 31-тамызда аяқталады. Шенеуніктердің жоспары бойынша елордадағы 17 мың оқушының көлік картасына 40 мың теңге жіберіледі. Ал мектеп формасын, оқу құралдарын қаладағы 27 сауда нүктесінен сатып алуға болады. Алдағы уақытта саудагерлер қатары көбеймек.

Білім басқармасы қашықтан оқитын оқушылардың барлығында компьютердің бар-жоғын әлі білмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.