{metadescription}
Ескертулер: Кез келген елге ұша беруге болмайды  
Ескертулер: Кез келген елге ұша беруге болмайды  

Ескертулер: Кез келген елге ұша беруге болмайды  

Бүгіннен бастап қазақстандықтардың шетелге ұшу мүмкіндігі артты. Негізінен 20 ел шекарасын ашып отырғанымен, біздегі әуе компаниялары әзірге тек алты елге ұшады. Әсіресе Біріккен Араб Әмірліктеріне сұраныс көп. Мыңға жуық адам демалысын ыстық елде өткізуге сақадай-сай дайын отыр екен. Транзиттік рейстермен ұшатындардың да қарасы қалың. Алайда мамандар қазақстандықтарға кез келген елге ұша беруге болмайтынын ескертеді.

20 маусымда Қазақстан алты елге халықаралық әуе рейсін аштық деп жар салды. Ұшақтар ұшуға дайын болғанымен, бұл мемлекеттер шекарасынан өткізуге аса құлшыныс танытпады. Ал бүгіннен бастап Қазақстан бірден 20 елмен әуе қатынасын қайта жаңартты. Бұл елдерге ұшуға рұқсат бар. Бірақ біздің әуе тасымалдаушы компаниялар тек 6 мемлекетке қатынауға ынталы.

Олардың қатарында: Біріккен Араб әмірліктері, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Украина, Египет бар. Шарм-Эль Шейх пен Дубайға қазақстандықтардың сұранысы жоғары. Бұған себеп – Түркия жабық. Демалушылар түрік еліне 1-қыркүйекте бара алады. Көрші Ресейге рейстердің әлі күнге дейінгі жоқтығы күмәнді. Дубайға алдағы үш рейске қазір билет таппайсың.

Инна Рей, «Туристік Қамқор» қорының төрайымы:

- Алғашқы үш рейс толығымен Біріккен Араб Әмірліктеріне сатылды. Мыңға жуық демалушы билетін алып дайын отыр. Ал Түркия туралы қазір кеңес беру басталды. Адамдар сұрап жатыр. Десек те, нарық, чартерлік рейстерді, олардың бағдарламасын күтіп жүрміз. Өйткені ол арзан.

Демаламын, не басқа жұмысын тындырамын дегендер әр кезде ескеруі тиіс: әлем бойынша жағдай тұрақтала қойған жоқ. Індетті жұқтыру қаупі бар. Туристік агенттіктердің өзі вирусты емдеуге байланысты шығынды өтейтін сақтандырудың жаңа түрін ойлап тапқан. Құны шамамен 3500-8000 теңгеге дейін. Ол өзгертілуі де мүмкін.

Ал қазақстандық эпидемиологтар бірінші және екінші санаттағы елдерге бару аса қауіпті емес дейді. Тіпті ауру өршіген Қытайдың өзіне. Бұл мемлекеттерге транзиттік рейстермен жетуге болады. Мәселен, Ресейге Минск арқылы ұшуға болады.

Сәдуақас Байғабылов, ҚР көліктегі бас дәрігер:

Егер сіз Түркия арқылы Беларусь Республикасына немесе Малайзияға, немесе Үндістанға саяхаттауға, жұмысқа не оқуға барғыңыз келеді. Еркін қатынауға болады. Бірақ, COVID-19 жағдайын бақылауыңыз керек. Шектеу шаралары әр елде әртүрлі және ол күнде өзгеріп отырады.

Қазақстандықтарға бірінші және екінші санатқа енбеген Испания, Италия, Ұлыбритания және тағы да басқа елдерге баруға болмайды. Үшінші санаттағы елдерге тіпті транзиттік жолаушы ретінде жетпеген дұрыс. Мамандар бәрібір құжатты тексеру кезінде ұсталасың деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде