{metadescription}
Коронавирусқа қарсы екпені әр азамат өзі сатып ала ма?
Коронавирусқа қарсы екпені әр азамат өзі сатып ала ма?

Коронавирусқа қарсы екпені әр азамат өзі сатып ала ма?

Коронавирусқа қарсы екпені «қауіп тобына» кірмейтін, әр азамат өзі сатып алуға міндетті. Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның ақысын мемлекеттің мойнына іле салу еш қисынға келмейтінін айтты.

Ал сол топқа кіретін 2 миллион 182 мың адамға covid-19-ға қарсы тегін екпе қарастырылғанын осыған дейін айтқан едік. Олар: жүрек-қан тамырлары жүйесінің дертіне шалдыққандар, 65 жастан асқан тұрғындар, қант диабеті секілді созылмалы дертке душар болғандар мен дертпен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері.

Ресейде шығарылған вирусқа қарсы вакцина патентке ие болды. Сол екпені көру, әрі сатып алу мүмкіндігін қарастыруға үкімет делегациясы тамыз соңына қарай Мәскеуге сапарламақ. Әзірге келісім жүргізуі тиіс делегация мүшелері белгісіз. Ал Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың барлығын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен екпемен қамтамасыз етудің қисыны жоқ деп отыр.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Меніңше, дені сау азаматтардың қауіп тобына енуге ұмтылуы ақылға қонымсыз. Жалпы тегін көрсетілетін медициналық көмекке қатысты бекітілген заңнама мен әлеуметтік талаптар бар. Оған қоса, дені сау әрі жұмысы бар әрбір азамат өзін дәрімен және вакцинамен қамтамасыз етуге міндетті. Менің ұстанымым осындай. Мұнымен барлық тұрғын келіседі деген пікірдемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.