{metadescription}
Карантин: Қандай нысандар жұмысына кірісті?
Карантин: Қандай нысандар жұмысына кірісті?

Карантин: Қандай нысандар жұмысына кірісті?

Арқаны кеңге салуға әлі ерте! Елде бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдегені белгілі. Мемлекеттік комиссия кезең-кезеңімен карантинді жеңілдетудің жоспарын да бекітті. Сонымен, қандай нысандар жұмысына қайта кірісті? Олар қандай ережені ұстануы тиіс?

Карантин қамытынан құтылған нысандардың бірі – ойын сауық орталықтары. Күн дүйсенбі болса да, тұрғындар таңмен ағылып жатыр. Сауда жасағандарынан, жай ғана аралап жүргендері көп. Қазіргі талап бойынша ғимаратқа келгендер сол ғимарат сыйымдылығының 30 пайызынан аспауы тиіс.

Қуат Әкімбаев, ойын-сауық орталығының директоры:

- Бәріне өтініш: әлеуметтік ара қашықтықты сақтаңыздар. Әр бутиктің алды арнайы жолақпен бөлінген. Әзірге кинотеатр, фудкорт пен балаларды ойнататын жер жұмыс істемейді. Демалыс күндері ойын-сауық орталығы жабық болады. Бүгін бірінші күн, сондықтан бірнәрсені кесіп айту қиын.

Қыз-келіншектердің қуанышында шек жоқ. Сұлулық салондарының тарс жабылған есігі қайтадан айқара ашылды. Қас пен көзін, тырнағын сәндеуге құмарлар бүгін құдды жұмысқа барғандай таңмен ерте тұрып, кезегімен кіріп жатыр. Бірақ алдын ала жазылуы тиіс. Фитнес орталықтардың да жұмысы жанданды. Карантин бойы терісіне сыймай, күші тасып шектеуден қажығандар енді алаңсыз терін шығара алады.

Гүлайым Кенжебаева, фитнес орталықтың қызметкері:

- Өте қиын болды. Себебі, екі карантинді бастан өткіздік. Біздің тренажерларымыздың жартысын біз жауып қойдық, арнайы белгі қойып. Себебі, әр адамның арасында екі метр қашықтық болуы керек. Және де антисептик қойылған бүгін фитнес клуб аймағында.

Бірақ бассейн мен сауналардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Шектеу алынбаған нысандардың тізімінде түнгі клуб, бар, караоке, кинотеатр секілді түрлі көңіл көтеретін жерлер бар. Тойханалар да осы тізімде.

Карантин режимі жеңілдегенмен, коронавирустың екінші толқынына дайындық елімізде басталып кетті. Мәселен, Қарағанды облысында жұқпалы ауруларға арналған емханалар салынып жатыр. Індет жұқтырған науқастарды емдеген 27 медициналық мекеме консервацияланған.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

- Індетті анықтауға арналған тестілеу көлемі алты есеге өсті. Бұл көрсеткіште біз елде бірінші орындамыз. Барлық қалада ПТР-зертххана ашылды. Оның қуаты 4,5 мыңнан асады. Төсек орын жүктемесі 16 пайызға азайды. Бұл республикалық деңгейден 10 пайыз төмен. 

Катаң карантиннің арқасында күн сайынғы ауру жұқтыру көрсеткіші 4 тен 0,5 пайызға түскен. Енді шектеудің жеңілдеуі қайтадан шектен тыс көрсеткіштің көбеюіне әкеліп соқпаса болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде