{metadescription}
КВИ асқынып, Кавасаки сидромымен ауырған бала саны артты
КВИ асқынып, Кавасаки сидромымен ауырған бала саны артты

КВИ асқынып, Кавасаки сидромымен ауырған бала саны артты

Күзде коронавирустың жаңа толқыны келуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай болжамды жоққа шығарып отырған жоқ. Жауапты ведомство науқастар саны күрт өссе қалалар жабылып, карантин қайтадан енгізілетінін де ескертті.

Елдегі эпидахуалдың жақсаруына байланысты бүгіннен бастап карантин тәртібі жеңілдетілді. Ал СOVID-19-ға соңғы тәулікте 337 адам шалдығып, елімізде дертке душар болған адамдар 103 мыңнан асқан. Коронавирусы асқынып, Кавасаки сидромына айналған науқас балалар саны да артыпты.

Елімізде көзге көрінбейтін қауіпті кесел әлі де талай жанға жабысып жатыр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі бір сәтке де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бетперде тақпаған 3 мыңға жуық азамат айыппұл арқалапты. Жауапты ведомство карантин жеңілдетілгенімен, сақтық ережелеріне бейжай қараған қараша мен кәсіпкерлерге жеңілдік жоқ екенін жеткізді.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Мобильдік топтар тексерісті жиі өткізеді. Өкінішке қарай, қауіпсіздік талаптарын көп адам орындамайды. 5-шілдеден бастап 2472 адам жабық нысанда, 306 адам көшеде бетперде тақпағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. 123 кәсіпкер карантин режимін бұзып, 62,6 млн теңге айыппұл арқалады.

Қауіпті індет кәмелетке толмаған балаларды айналып өткен жоқ. Қазақстанда СOVID-19-ға шалдыққан 11 баладан «Кавасаки синдромына» ұқсас ауру белгілері анықталыпты. Бұл дертті көбінесе коронавирусқа душар болған бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер жұқтырады екен. Бұл тұжырым ғылыми дәлелденген.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- 11 бала тіркелді, Үшеуі Нұр-Сұлтанда аман-есен жазылып шықты, тағы екі бала Ақтөбеде, Қарағандыда және Алматыда. Олардың екеуі 1-5 жас аралығында, қалған 9 бала 5-17 жас аралығында, яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Соған ұқсас ауру деп есептеледі.

Жауапты министрлік індетпен күресте алдыңғы шепте жүріп вирус жұқтырған 600-ге жуық ақ халатты қосымша 2 миллион теңге көлемінде ақы алғанын да атап өтті.

Соңғы тәулікте коронавирустан 18, пневмониядан 2 адам көз жұмған. Осылайша кесел құрбандары 1269 адамға жетті. Індетке шалдыққандар 337 науқаспен толығып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 103 мыңнан асқан. Денсаулық сақтау министрлігі күзде коронавирустың жаңа толқыны келуі мүмкін деген болжам жасады. Тиісінше карантин шаралары күшейтіліп, қалалар қайтадан жабылуы да ықтимал. Сондықтан медицина мамандары жұртты сақтанып жүруге шақырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде