{metadescription}
Алматыдан Өскеменге есірткі тасыған ағайындылар ұсталды
Алматыдан Өскеменге есірткі тасыған ағайындылар ұсталды

Алматыдан Өскеменге есірткі тасыған ағайындылар ұсталды

Аға мен іні қосылып, Алматыдан Өскеменге есірткі тасыған. Ал қаладан қалаға заңсыз тауар жеткізуге заңды курьерлік компаниялардың қызметін пайдаланыпты.     

Алматыда тұратын ағайындылардың бірі есірткіні пластикалық ыдысқа орап, Өскемендегі інісіне жіберіп отырған. Ал ол өз кезегінде досымен бірге клиент тауып, түскен пайданы үшеуі теңдей бөлісіп келіпті. Ағайындылардың жолға қойылған бизнесін өз клиенттерінің бірі тас-талқан етті. Құрықтау кезінде олардан құны 15 миллион теңгелік гашиш тәркіленді. Барлығы жеті жарым келі есірткі 157 қаптамаға оралып, сатылымға дайын тұрған екен. Бірақ клиенттің орнына тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келді. Аса ірі көлемде есірткі тасымалдап сатқаны үшін жігіттер 15 жылға бас бостаныдығынан айырылуы мүмкін.   

Талғат Шаяхметов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:

- Үш күдіктінің де есірткі тасымалына тікелей қатысы бары анықталды. Қазір үшеуі де қамауда. Ал олардан тәркіленген есірткі заттары сотқа дейін айғақ ретінде сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде