{metadescription}
Сауда үйіне ағылған жұрт сағаттап кезекте тұр – Ақтөбе
Сауда үйіне ағылған жұрт сағаттап кезекте тұр – Ақтөбе

Сауда үйіне ағылған жұрт сағаттап кезекте тұр – Ақтөбе

Ақтөбеде карантиннің бітуін күткен жұрт сауда үйлеріне ағылып жатыр. Әсіресе киім-кешек сататын жерлерде ұзын-сонар кезек. Тұрғындар кезегінен айырылып қалмас үшін кеш батқанша тұруға әзір.

Бір айлық карантин кезінде адам жоламаған сауда үйлеріне қазір жан біткен. Таңның атысымен есік алдында топырлаған халық. Киім-кешек алуға келгендердің кезегіне тұрғындар бала-шағасын ерте келіпті. Тіпті емізулі сәбиімен жүргендер де бар. Оларды күзетшілер бетперде киюге үгіттеп жатыр.

Ал сауда үйлерінің ішіндегі жағдайды қожайындары таспаға түсіртуге құлықсыз. Тілшілерді кіргізуге тыйым салды. Дегенмен өздері санитарлық талаптың барлығын «сақтап отырмыз» деп сендіреді.

Рүстем Жұмағұлов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жұбайым балама аяқ киім алып беруімді сұраған еді. Сол үшін келдім. Карантиннің бітуін бір жарым ай бойы күттік. Күн де күрт суып кетті. Енді жылы киім алу үшін, амал жоқ, кезекте тұрмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.