{metadescription}
Қарағандыда полиция бөлімінің жанында той жасаған
Қарағандыда полиция бөлімінің жанында той жасаған

Қарағандыда полиция бөлімінің жанында той жасаған

Қарағандыда жергілікті тұрғындар полиция бөліміне таяқ тастам жерде той жасаған. Музыканы бар дауысына қойып бидің түбін түсіріп жатқандар аяқ астынан «қонаққа келген» полицейлерді де елеген жоқ. 

Ішкі істер бөлімі маңында орналасқан мейрамханаға у-шудың мәнін білмек болып бір полицей бас сұққан. Думандатқан топты көрген соң, іле-шала әріптестерін шақырыпты. Полицейлерді кешігіп келген қонақтар деді ме, тойдағылар тоқтайтын түр көрсетпеген. Ара қашықтықты сақтап, бетперде таққан біреуі жоқ. Тексерушілерге төрде отырған жас жұбайлар да мән бермеді. Өйткені жауапқа тартылатын тойхана иесі ғана екен. Музыканы өшіріп, бишілерді тыйған полицейлер тойды тарқатып бірақ кетті.

Ерлан Есжанов, Михайлов полиция бөлімінің бастығы:

- Музыканың қатты шыққан дауысын естідік. Мейрамханаға кірсек, үйлену тойы болып жатыр. Тойды тоқтатып, мейрамхана қожайынына қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабымен іс қозғалды. Енді ол ірі көлемде айыппұл төлейді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде