{metadescription}
Еңбек министрлігі елді жайлаған жұмыссыздыққа не дейді?  
Еңбек министрлігі елді жайлаған жұмыссыздыққа не дейді?  

Еңбек министрлігі елді жайлаған жұмыссыздыққа не дейді?  

Екі бірдей карантиннен кейін екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүргендер көбейген. Тек соңғы жарты жылда ресми жұмыссыз болып тіркелгендер саны 8 есеге артыпты. Әсіресе қолында дипломы бар жастар жұмыссыз.

Дегенмен Еңбек министрінің есебі оптимизмге толы. Біржан Нұрымбетов.жыл соңына дейін жарты миллион адамға жұмыс тауып береміз деп уәде етті. Жоспар қалай орындалмақ? Елді жайлаған жұмыссыздық қашанға дейін жалғасады?

Еңбек министрлігінің электрондық еңбек биржасын ашып қалсаң, түйіндемеге толы. 1 миллион 100 мың адам жұмыс іздеп жүр. Яғни, соңғы жарты жылдың өзінде ресми тіркелген жұмыссыздар қатары 8 есеге артқан.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Азаматтар жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту орталықтарына көптеп келуде. Орта есеппен алғанда, айына 60 мың адам тіркелген. Жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есе артып отыр. Қосымша ресми жұмыссыз 50 200 адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты арнайы төлем алуда. Оларға  жеті айда 5,5 млрд теңге төленді.

Төтенше жағдай кезінде бес миллиондай қазақстандық 42500 теңгені алған. Бюджеттен 322 миллиард теңге жұмсалыпты. Ал 5 шілде мен 17 тамыз аралығында 2 миллион 300 мың адамға 147 млрд теңгеге әлеуметтік төлем үлестірілген. Елде жұмыссыздықтың жайлауына кәсіпорындар мен кейбір бизнестің жұмысы тоқтап тұрғаны себеп. Әлі де ол қарқын алады деген болжам бар. 

Серік Шапкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Қазір жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз. Бірінші тоқсанда ол 4,8 пайыз болған. Егер өсім ретінде санайтын болсақ, жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға өсіп отыр. Бұл ресми статистика. Егер жастардың жұмыссыздық деңгейіне келер болсақ, 3,8 пайыз болатын. Қазір 4 пайызды құрап отыр. Ол да 0,2 пайызға өсті.

Еңбек министрлігі биыл жалпы саны 1 миллион 100 мың адамды жұмыспен қамтимыз дейді. Бүгінгі күні 476 мыңдай адам жұмыссыз. Ал жеті айда жұмыс тапқандардың көпшілігі «Еңбек» бағдарламасымен қайта оқып, кәсібін ашқан. 154 мың адам «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы арқылы, 210 мың адам басқа салалық бағдарламалармен шаруасына кіріскен. Шенеуніктер жұмысы бар өңірге ерікті түрде қоныс аударып жатқандар көп дейді.

Серік Шапкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Биылғы жеті айдың ішінде 1000 отбасы еңбек қолы жеткілікті өңірлерден жеткіліксіз өңірлерге ауысты. Оның 1939 адамы жұмысқа қабілетті болса, қазір 1420 адамы жұмыспен қамтылды. Мемлекет тарапынан әрбір көшіп барған отбасыға 35 АЕК қолдау көрсетіледі.

Жыл соңына дейін 100 мың адамға жұмыс дайын. Олар түрлі салаға тартылмақ. Мәселен, 10 мың жұмыссыз 80 жаңа білім беру нысанын, 5 мың адам осы жылы 2700 керуетке шақталған ауруханалар салады.

Биыл салынатын 13 инфекциялық модульдік аурухана «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен өңірлерде бой көтермек. Бұл емдеу мекемелері бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі саламыз деген 16 аурухананың ішіне кіре ме, әлде бөлек салына ма, ол әлі белгісіз. Қанша қаржы бөлінетіні туралы да министрлік ауыз ашпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде