Беларусь: Светлана Тихановская Еуропаға видеоүндеу жолдады
Халық қалауын қолдау қажет. Беларусьтегі президент сайлауына оппозиция тарапынан үміткер болған Светлана Тихановская Еуропа кеңесін саяси дода қорытындысын мойындамауға шақырды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.08.2020
Бұл жолы Тихановская осылайша видеоүндеуін Еуропаға жолдады. «Саясат сахнасына қайта ораламын» деп шешкен оппозиционер Беларусьтегі сайлау қорытындысының бұрмаланғанын тілге тиек етті. Ал дауысын қорғаған бейбіт тұрғындарға билік күш қолданғанын жеткізді. Тихановская кезекті үндеуінде елдегі билікті бейбіт жолмен ауыстыру үшін үйлестіру кеңесін құрғанын және халықаралық бақылаушылардың қатысуымен сайлау өткізу керектігін де айтты.
Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко өз кезегінде Ресей басшысы Владимир Путин арқылы Германия канцлері Ангела Меркельге «мемлекеттің ішкі істеріне араласпасын» деген сәлемдеме жолдап отыр. Сондай-ақ ол Тихановская құрған үйлестіру кеңесінің заңсыз ұйым екенін мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!