{metadescription}
Мали президенті: Қан төгілгенін қаламаймын  
Мали президенті: Қан төгілгенін қаламаймын  

Мали президенті: Қан төгілгенін қаламаймын  

«Қан төгілгенін қаламаймын» деп отыр. Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта бүлікші әскерилер өзін және елдің премьер-министрі Бубу Сиссені тұтқындаған соң, біраз уақыт өткеннен кейін отставкаға кететінін және парламент пен үкіметті тарататынын мәлімдеді.

Африканың батысында орналасқан Мали республикасында наразылық шаралары маусым айынан бері жалғасып келеді. Әскерилер де қолына қару алып, билікке қарсы шыққан еді. Олар президенттің отставкаға кетуін талап етіп, бірқатар министрлерді тұтқынға алған болатын. Күні кеше ғана бүлікшілердің құрығына президент пен премьер-министрдің де түскені белгілі болды. Әскери төңкерістен кейін айналадағы көптеген елдер Малимен арадағы шекараны жауып тастап, экономикалық байланысты уақытша тоқтатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде