Ақтөбеде салымшылар «West House» қызметінің тоқтатылуын талап етті
Ақтөбеде салымшылар облыстық прокуратура алдында шу шығарып, «West House» тұрғын үй кооперативі қызметінің тоқтатылуын талап етті. Бұған дейін осы компанияның директоры алпыстан астам адамды сан соқтырып, ақыры сотталып кеткен еді. Содан бері салымшылардың ақшасын ешкім қайтармаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.08.2020
Гүлмира Сейсенбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Біздің талабымыз «West House-ты» арестке қою керек. Жасап жатқан жұмысын тоқтату керек. Шығынымызды өтеу керек. Әлі алдап жүр халықты. Олар жалған адамдарды өздері сайлап, сол адамдар ақшаны қолма қол жинап, кассаға салмайды. Ешқандай шотқа салмайды.
Жақында ғана сот «West House» кооперативінің директоры Жадыра Садықоваға 4 жыл 8 ай үкім кескен. Басшы түрмеге жабылғанымен, оның жақындары компанияның жұмысын жалғастырып жатыр екен. Алданған салымшылардың шығынын толтырудың орнына, керсінше басқа клинеттерді тартуда. Наразы топ олардың да ақшасын қағып алып, тақырға отырғызады деп алаңдайды. Сондықтан тұрғын үй кооперативнің қызметін түбегейлі тоқтатып, мүлікі мен есеп шотын бұғауласын деп отыр. Салымшылармен кездесуге шыққан прокуратура өкілі бұл мәселені «жауапсыз қалдырмаймыз» деп сендірді. Бірақ бір айсыз шешілмейді дегенді айтады.
Баян Әлішова, Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі:
- Ол арызды өтінішті көтеріп, нәтижесін қазір қараймыз. Соның негізінде бір жетіде шешілетін нәрсе емес, ол бір айдың торабында шешіліп, қарап, жазған нәрсенің бәрін тексеру керек қой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!