{metadescription}
Жетімдердің ақшасын ұрлады деген күдікті Таразда ұсталды
Жетімдердің ақшасын ұрлады деген күдікті Таразда ұсталды

Жетімдердің ақшасын ұрлады деген күдікті Таразда ұсталды

Жетімдердің ақшасын ұрлады деп айыпталған күдікті құрықталды. Бұған дейін бой тасалап жүрген Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы Тараз қаласында ұсталған. Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу дерегімен қылмыстық іске тартылған күдікті Алматыға жеткізіліпті. Ал есеп-шотына жылдар бойы мемлекеттен түсіп келген ақшасынан әп-сәтте айырылып қалған балалар бұл оқиғаға сене алмай отыр.  

Валентина Баширова, Балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Алғашында сенген жоқпын. Соңында есеп-шотымды тексеріп көрейін деп шештім. Жағдайды көрген кезде есеңгіреп қала жаздадым. Бірден тәрбиешіге айтып бердім. Әрине, басында қанша ақша алынғанын біле алмадым. Кейін толық санағанымызда, есеп-шотымнан 7 миллион теңге жоғалғанын байқадық.

Өткен аптада Алматы облыстық балалар үйініндегі әлеуметтік педагогқа жетімдердің ақшасын жымқырды деген күдікпен іздеу жарияланған еді. Сол кезде педагогқа өзінің атынан сенімхат берілгенін растаған директор тәрбиешінің балаларға есеп-шот, карточка ашуға құзіреті жеткенімен, ақшаны шешіп алуға заңды құқығы жоқтығын айтқан. Ал күдіктіні тұтқындаған полицейлер оны Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментіне тапсырыпты.

 Әзірге нақты қанша баланың зардап шеккені және ұрланған ақшаның жалпы көлемі белгісіз. Бірақ тәрбиеленушілермен байланыс орнатқан балалар үйі түлектерінің дерегінше, 22 бала қаржысынан қағылып, шығын көлемі 30 миллион теңгеден асып кеткен. Алайда бұл көрсеткіш тағы артуы мүмкін, себебі 16 жасқа толмағандар әлі есеп-шоттарын тексере алмай отыр, - дейді олар. Ал балалар үйінің кейбір қазіргі және бұрынғы қызметкерлері атышулы іске «директордың да қатысы болуы мүмкін» деп күдіктенеді. Олардың айтуынша, көбі басшылыққа қарсы келуден қорыққандықтан, жұмған аузын ашпайтын көрінеді.

Сарқыт Бозымбекова, балалар үйінің тәрбиешісі:

- Балалардың бәрі Гүлмира Сансызбаевнадан қорқады, тәрбиешілер де қорқады. «Сендер кетесіңдер, сендер қаласыңдар, мына балалар үйін жауып тастайды, сонда көреміз, қалай күн көретіндеріңді» деп, балаларды осылай қорқытып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде