Алексей Навальный уланып, комаға түсті
Ресейлік белгілі оппозиционер Алексей Навальный улану салдарынан комаға түсті. Томскіден Мәскеуге бара жатқан кезде ол өзін жайсыз сезініп, ұшақты шұғыл Омбы қаласына қондыруға тура келген.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.08.2020
Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ямыш саясаткердің Томск әуежайында ішкен таңғы шайына у қосылғанына сенімді. Омбы ауруханасына жеткізілген оппозиционердің жағдайы ауыр. Әлі есін жимаған. А, Навальный соңғы рет шай ішкен кафенің директоры бейнежазбалардың бәрі майшаммен қаралатынын алға тартты. Әзірге бұл жайтқа қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Алексей Навальный – Ресей президентінен бастап, биліктегі бүкіл шенеуніктің жемқорлық әрекеттерін әшкерелеп, жұртқа жариялаумен танылған оппозиционерлердің бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!