{metadescription}
Дәрігерлерге 24 миллиардтан астам ақша төленеді
Дәрігерлерге 24 миллиардтан астам ақша төленеді

Дәрігерлерге 24 миллиардтан астам ақша төленеді

Қазақстандық дәрігерлерге шілде айында 24 миллиард теңгеден астам ақша төленбек. Коронавируспен күреске тартылған 78 мың медициналық қызметкер үстем ақыны алып үлгерген. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша үстеме ақыны алушылар қатарын кеңейтіп жатыр. 

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, бірталай медицина қызметкерлері кіреді.  Оның үстіне қазіргі уақытта сол бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатыр. Өзгерістерге сәйкес, қосымша мобильді бригадаларда жұмыс істеген медициналық қызметкерлерге де осындай төлемақы қосылатын болады.  ПТР-тестті жасап, үйіне барып, сол жерде көмек, дәрі-дәрмек беріп, көмектесетін мобильді бригадалар бар.  Қазір олардың саны едәуір көп.

Салалық министрліктің мұндай шешіміне қоғамдағы медицина қызметкерлерінің наразылығы себеп болса керек. Мәселен, өткен аптада елдегі рентген-зертханашылар үстеме ақыдан қағылып отырғанын айтып бас көтерген. Мобильді бригадалар да солардың қатарында. Жалпы үстеме ақыны беру жағын жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссиялар қарайды. Денсаулық сақтау министрлігі маусым айында инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған 53 мың адамды, шілдеде 78 мыңдай қызметкерді үстеме ақымен жарылқаған. Тәуекел тобына байланысты медицина мамандары алатын қаржы көлемі 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.