Темекі сатып алғанда әркез құжат көрсетудің қажеті жоқ
Шылым сатып аларда әркез құжат көрсетудің қажеті жоқ. Тек сатушы түріңізге қарап, 21 жастан асқаныңызға күдіктенбесе болғаны. Егер түріңіз тым жас болса, сатушы құжат талап етуге құқылы.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
20.08.2020
Құжат талап ету Денсаулық кодексі күшіне енген кезден басталды. Жаңа кодекстің 110-бабында темекі өнімдерін сатушылар азаматтардан құжатын талап етуге міндеттелген. Бірақ Сауда министрі жұрттың заңды дұрыс түсінбегенін жеткізді. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, егер сатушы темекі, не ішімдік алғысы келген азаматтың 21 жастан асқанына сенімді болып, құжат талап етпесе, ешқандай жазаға тартылмайды.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Арақ-шарап пен темекі өнімдерін тұтыну көрсеткішін азайту мақсатында денсаулық кодексі өзгертілді. Әсіресе кәмелетке толмағандар ерекше назарда. Ал заң талабын жұртшылық дұрыс қабылдап, әрі жүйелі қолдануы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!